Соцобъекты построят на возвращенные государству средства - правительство

Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 500-ге жуық шетелдік азамат жазаланды

13 Jun 2023, 14:03
1 mins read
1170
Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 500-ге жуық шетелдік азамат жазаланды
ДП области Жетісу

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыстық көші-қон қызметінің басшысы Ерлан Райымбеков мәлімдеді.

 

Жыл басынан бері өңірде көші-қон заңнамасы бойынша 2151 адам жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Заң бұзушылардың жалпы санынан 463 шетелдік азаматтар және 1688 қазақстандықтар.

 

«Биыл біздің деректер бойынша облыс аумағына 4213 шетелдік азамат келген, олар көші-қон қызметі бөлімшелерінде тіркелді. Оның ішінде алыс шетелдердің тұрғындары – 318, ТМД елдерінен – 3895. Негізінен аймаққа Өзбекстан азаматтары келген, олардың саны 3354 адам, сондай-ақ Ресей азаматтары – 375. Сонымен қатар, 248 шетелдік, негізінен ҚХР азаматтары визаларын заңды түрде ұзартып, тіркеу және хабарлама арқылы облыс аумағында тіркелді», – деді Е.Райымбеков.

 

Көші-қон қызметінің басшысы БАҚ өкілдері алдында сөйлеген сөзінде полиция қызметкерлерінің «Мигрант» және «Нелегал» профилактикалық іс-шараларының  қорытындысын да жария етті.

 

«Көші-қон желісі бойынша заң бұзушылықтар негізінен нысаналы түрде өткізілетін профилактикалық іс-шаралар барысында анықталады. Шетелдік жұмыс күші жиі пайдаланылатын базарларға, құрылыстарға және басқа да нысандарға аса назар аударылады. Шетелдік азаматтардың уақытша тұрғылықты жері, тіркелгені, келу мақсаты және т.б. тексеріледі.  Яғни, олардың облысқа турист немесе еңбек мигранттары ретінде немесе басқа да себептермен келгені де мұқият тексеріледі. Отандастар арасында да көші-қон заңнамасын бұзу фактілері  анықталды», – деп толықтырды полицейлер.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Today